Бір топ жамағат қажылыққа аттанды

332

Алла бұйыртса, Қазақстанна биыл қажылыққа бес мың адам аттанады. Соның бір мыңы – Оңтүстіктен. Оларға біздегі қажылық сапармен айналысатын үш фирма қызмет етеді. Оңтүстіктен үлкен қажылыққа аттанған азаматтар 19-қыркүйек күні жолға шықты.

002

Бұл жолы 217 адам Мекке-Мәдинаға аттанып отыр. Мұсылмандықтың бір парызын өтеуге аттанушылардың арасындағылардың жасы үлкені 87 жаста, ал ең жасы – 18-де.

[youtube]http://youtu.be/IgCK2Ie8zaQ[/youtube]

Айта өтейік, облыстық орталық мешіттің ұйытқы болуымен тұңғыш рет қажылыққа баратын азаматтар арнайы курстан өткен болатын. Тегін өткізілетін сабақта мұсылманның бесінші парызы – қажылық сапарында жасалатын парыздар мен әрекеттер түсіндірілді. Қажылық сапары алдында берілетін құнды кеңестердің бірі киімге қатысты болған еді. Ұлы парызды өтеудегі кейбір рәуіштерді білу Құдай алдындағы құлшылықтың толық болуына сеп. Сондықтан міндетімді өтеймін деген әрбір мүміннің қажылық курсының сабақтарына қатысып, сауаттарыг ашқан болатын.

[youtube]http://youtu.be/gNDyY4ESYjM[/youtube]