Оңтүстіктің жылу маусымына дайындығы – 95%

174
"Энергоорталық-3" АҚ жылу маусымына 100пайыз дайын

Облыс әкімі Асқар Мырзахметов аудан, қала әкімдіктерімен селекторлық мәжіліс өткізді. Онда бюджет қаражатының үстіміздегі жылдың 8 айында игерілуі пысықталды. Сондай-ақ, қалалардың қысқы жылыту маусымына дайындығын тыңдалды.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша облыстық қаржы басқармасының басшысы Роза Исаева хабарлама жасады. Ол бюджет қаражатының игерілу барысы жайлы ақпарат берді.

Жиын барысында 2014-2015 жылдардағы жылыту маусымына 95 пайызға дайын екеніміз мәлім болды. Жылу беру орталықтарында да жұмыс қарқынды атқарылып жатқан көрінеді. Кентау қаласының жылу беру орталығында 4 жылу қазандығы дайын тұр, жөнделіп жатқан екі қазандық 15-қазанға дейін дайын болуы тиіс. Ал Сарыағаш ауданында 20 көпқабатты тұрғын үйді орталықтандырылған жылу құбырларына қосу жұмыстары атқарылып жатыр.

Жиынды қорытындылаған облыс әкімі әрбір басшыға міндеттеліп отырған жауапкершіліктің орындалуын қатаң қадағалауды тапсырды.