Полицейдің жоғалған автоматы табылды

517
Сурет ғаламтордан алынды

Шымкенттік полиция қызметкері жоғалтқан автоматты кәуапшы тығып қойған. Бұл туралы республикалық ақпарат агенттіктері жазады.

Сурет ғаламтордан алынды
Сурет ғаламтордан алынды

Жол-патрульдік полициясы сержантынан жоғалған табельдік қаруды белгісіз адам дәмханаға лақтырып кеткен. Әліби Жангелдин көшесінің бойында орналасқан «Рахат-ай» дәмханасының қызметкерлері көпқабатты үйдің бірінші қабатынан қатты дыбысты естиді. Облыстық прокуратураның баспасөз қызметінің хабарлағанындай, кәуапшы асханадан автоматты тауып алыпты. Белгісіз біреудің оны терезеден лақтырып жіберген екен.

Автоматты дәмхана қызметкерлері жертөлеге тығып, полицияны шақырған. «Калашников» автоматының оқшантайындағы оғы түгел екен. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері күдіктілерді іздестіріп жатыр.

Еске сала кетейік, Калашников автоматы мен 30 оқ 24-қыркүйек күні жоғалған. Абай полиция бөлімінің сержанты түстеніп қайтып келген соң, көлігінен табельдік қаруды таппай қалған. Аталған факт бойынша ҚР ҚК «Ұрлық» және «Салғырттық» деген екі бабы бойынша тергеу жалғасуда.