Полиция қызметкері автоматын жоғалтты

251
Сурет ғаламтордан алынды

Шымкентте полиция қызметкері қаруын жоғалтып алды. Жол-патрульдік полицейі айдың күннің аманында табельдік қаруынан айрылып қалған. Бұл туралы прокурорлар мәлімдеді.

Сурет ғаламтордан алынды
Сурет ғаламтордан алынды

Анық болғаны, келеңсіз оқиға күндізгі сағат 15:30-да орын алған. 26 жастағы полиция сержанты 30 оғы бар Калашников автоматын сырттағы көлікке қалдырып, өзі тамақтанған. Қайтып шықса, қаруды ұрлап кетіпті.

[youtube]http://youtu.be/504gIkSMj8k[/youtube]

Қазіргі таңда полиция қатарында 2 жыл қызмет жасаған сержант жұмысынан шеттетілген. Оған қатысты қамау бас шарасы қолға алынбаған. Оның үстінен қозғалған салақтыққа байланысты іске қоса атыс қаруын ұрлау фактісі бойынша тағы бір қылмысты іс қозғалды. Тергеу амалдары жалғасуда.