Шымкентте 95 көшенің атауы өзгереді

559
Арғынбек көшесінің атауы өзгеруі мүмкін

Шымкентте 80-нен астам көше атауы қайталанады. Онымен қоса атауы моральдық тұрғыдан ескірген және мүлде атаусыз көшелер де баршылық. Халық қалаулылары жауаптылар ұсынып отырған атауларды қоғамдық талқылауға түспегені үшін кері қайтарып тастады.

Арғынбек көшесінің атауы өзгеруі мүмкін
Арғынбек көшесінің атауы өзгеруі мүмкін

Тұрақты комиссия отырысында депутаттар көше атауларына қатысты 95 ұсынысты қарап шықты. Олардың пікірінше, жауаптылардың атауларға қатысты ұсыныстары әлі де қоғамдық талқылауға түсу қажет. Себебі, бір қайнауы ішінде жаңа атауларды халық қалаулылары кері қайтарып тастады.

Ұлан Арғынбековтің есімімен аталатын көше тұрақты комиссияның назарына ілікті. Халық қалаулылары қаладағы ең көрнекті әрі ұзын көшеге Абылай хан атауын беру қажет дейді. Алайда, жергілікті жұртшылық жаңа атауды жатсынатын секілді.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=LYeyXrsK3gI[/youtube]

Сондай-ақ Шымкентте Фрунзе, Добролюбова, Интернационал сияқты атауы моральдық тұрғыдан ескірген көшелер де әлі күнге дейін өзгермей отыр. Бұдан бөлек бір де бір атау бұйырмаған көшелерді кезіктіруге болады. Алайда жаңа атаулар сүзгіден өтіп, құлаққа қонымды оңды нұсқалар ұсынылмай көше атауларының бірізденуі де екіталай.