«Air Astana» әуе компаниясына 21 млн. теңгеден аса айыппұл салынды

26
фото Форбс.кз

Биылғы шілдеден бері жолаушылардың құқығын бұзғаны үшін «Air Astana» әуе компаниясына 21 миллион теңгеден аса айыппұл салынған. Ондағы жалғыз себеп – рейстердің кешігуі.

Бір ғана мысал келтірсек, азаматтық авиация комитетінің тексерісі барысында шілденің 16-сында Алматы-Нұр-Сұлтан бағытындағы рейс 27 сағатқа кешіккен. Сол аралықта жолаушыларға заң бойынша белгіленген қызметтер көрсетілмеген. Яғни, қонақ үй мен ас-су берілмеген. Сөйтіп шілде айынан бері осындай оқиғалар бойынша 7 рет айыппұл салынған.