Филармонияның өнерпаздары өздеріне тиесілі жатақханаға зәру

449
3 қабатты жатақхана облыстық филармонияны жағалай салынған

Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияның өнерпаздары баспанаға мұқтаж. Өнер ұжымының 80 пайызын әлеуметтік жағдайы төмен және шалғай аудандардан келген өнер иелері құрайды. Бірақ олардың 12-сі ғана филармонияға тиесілі жатақханаға жайғасқан. Ал қалғандары пәтер жалдап, бас сауғалап жүр. Бұл жөнінде Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияның басшылығы мәлімдеді. Оларға тиесілі жатақханадағы бөлмелер кімге бұйырғанын біз де білуге тырыстық…

3 қабатты жатақхана облыстық филармонияны жағалай салынған
3 қабатты жатақхана облыстық филармонияны жағалай салынған

Бақытжан Дәулетжанов – Ж.Шанин атындағы облыстық қазақ драма театрының әртісі. Бүгінде жанұясымен Ш.Қалдаяқов атындағы филармонияның жатақханасында тұрады. 3 жылдан бері осы баспананың тұрғыны атанған Бақытжан жуырда бөлмесін босатпайтынын жеткізді.

жиһаздар да тегін беріледі
Жатақхананың жиһаздары да тегін беріледі

Бақытжан Дәулетжанов, Ж.Шанин атындағы облыстық қазақ драма театрының әртісі: «Жатақхана орталықта орналасқан, теміржол және автовокзал да жақын, ірі сауда орталықтары да осы маңайда. Жұмысқа да кей кездері жаяу барып қайтамын. Қазір бір мәселе бар – 3 балам болғандықтан, бөлмем кішкене тарлық етеді. Бірақ қыста бөлмеміз жылы, Құдайға шүкір. Осында тұрғанымыз үшін ешқандай ақша төлемейміз, тек жаққан жарығымыз бен тұтынған газымыз үшін ғана теңге төлеп жүрміз».

Мұнда тұрғындарға бөлме ғана емес, мұздатқыш, теледидар мен жиһаздар да тегін берілген. Әр бөлменің жеке жуынатын бөлмесі бар. Сондай-ақ, жатын орны да бөлек орналасқан.

Жуынатын бөлме

ыстық су да бар
Ыстық су да бар

Нұрлан Балтақожа, Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияның әншісі: «Жарық, су, жылу мәселесі, барлығы да шешілген. Бізге, әншілерге тез шақырту келіп түседі де апыл-ғұпыл концертке шығуымыз керек болады. Анау концерттен мынау концертке, күніне 4-5 концертке баратын кездер жиі болады. Сол сәттерде арасында тез-тез келіп, жуынып-шайынып, киініп кету үшін жатақханада бар жағдай жасалған».

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=tjdB8Ptfi4Q[/youtube]

Жағдай жасалған. Бірақ оның шарапатын көретін филармонияның әншілері саусақпен санарлық. Бүгінде 3 қабатты ғимараттың бірінші қабаты қоймаға айналған. Қалған 2 қабаттағы 24 бөлме өнерпаздардың игілігіне берілгенімен, оның 3-і ғана филармонияның әншілеріне бұйырыпты. Ал қалған бөлмелерге облысымыздың өзге де өнер ошақтарының қызметкерлері жайғасқан.

Ғимарттың төбесінен су ағады
Ғимарттың төбесінен су ағады

Серікқали Жанболатов, Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармония директорының орынбасары: «Қазіргі уақытта филармонияда әлеуметтік жағдайы төмен, үйі жоқ, баспанаға зәру, аудандардан келген өнерпаздар 70-80 пайыз десем, өтірік емес. Одан көп болмаса, кем емес. Өзімізде, филармонияда 45 әнші бар, одан бөлек оркестріміз бар, мұнда 50-ден аса қызметкер бар. Жалпы, ұжымда, бізде 200-ден аса адам бар. Ал жатақханада 24 қана бөлме, оның 3-уі ғана біздің өнерпаздарға берілген. Өнер адамдарына жағдай жасалу керек деп ойлаймын, әрине, бұл жер тарлық етеді.»

IMG_2743

Бұл мәселеден бөлек 2011 жылы ашылған жатақхананың қазір жауын-шашын маусымында қабырғасы қаусап, төбеден су ағады. Өткен жылы мәселе жоғарыға жеткізілгенімен, әлі күнге дейін оны ешкім тексеріп те келмепті. Жатақхана тұрғындарының уәжін облыстық мәдениет басқармасының басшығылына айтқанымызбен, мардымды жауап ала алмадық. Олар қандай да бір жауап қатудан үзілді-кесілді бас тартты.