Ірі жол апатында үш көлік соқтығысты

212

Шымкентте ірі жол-көлік оқиғасы тіркелді. Диваев және М. Мәметова көшелерінің қиылысында 3 бірдей көлік соқтығысқан.

001

Куәгерлердің сөзіне сенсек, оқыс оқиға «Ауди» автокөлігінің жүргізушісі рөлді тізгіндей алмауынан орын алыпты. Ол қатты жылдамдықпен келіп, «Опель Астра» көлігіне жол бермепті. Осылайша Ауди келіп, Опельдің оң жақ бөлігін ұрған. Соның салдарынан автокөліктің артқы терезелері ұшып кеткен.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=emOZIWwqaFY[/youtube]

Қатты соққыдан «Ауди» тағы бір көлікті соғады. Аударылған көліктің де әйнектері сынған. Абырой болғанда жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендер жоқ. Жолаушылар жеңіл жарақаттар алыпты