Ерлан Айтаханов – облыс әкімінің жаңа орынбасары

529

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып дүйсенбі күні Ерлан Қуанышұлы Айтаханов тағайындалды. Бұл туралы облыс әкімдігі аппаратының баспасөз қызметі хабарлайды. Айта кетейік, Ерлан Айтаханов бірер жыл бұрын Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің экономика және қаржы мәселелері жөніндегі орынбасары қызметін атқарған.

000

Е.Қ.Айтаханов 1971 жылы туған, білімі жоғары, мамандығы бойынша экономист, заңгер, экономика ғылымдарының кандидаты. Еңбек жолын 1994 жылы «Alem Bank Kazakstan» кредит беру департаментінің экономисі болып бастаған.

1995-2012 жылдары Орталық Азия ынтымақтастық және даму банкінің кредит беру департаментінің бас маманы, «Қазақстан темір жолы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны бөлімінің бастығы, «Қазақстан темір жолы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны «Жолаушылар тасымалы» еншілес мемлекеттік кәсіпорны директорының орынбасары, «Қазақстан темір жолы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны қаржы және бухгалтерлік есеп бас басқармасының бастығы, экономика, қаржы және бухгалтерлік есеп департаментінің бастығы, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Қаржылық реттеу департаменті директорының орынбасары, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігі төрағасының кеңесшісі, Алматы қаласы тарифтер жөніндегі басқармасының бастығы, табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментінің директоры, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ақмола облысы бойынша қаржы бақылау инспекциясының бастығы, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.

2012 жылдың ақпан айынан бастап Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып еңбек етіп келді.