Шымкентте мал шаруашылығы өрістей бастады. Қалаға жаңадан қосылған елдікемендердегі шаруа қожалықтарының есебінен бүгінде мал басы артып отыр. Бордақылау алаңдары көбейіп, ірі қараға да бетбұрыс бері қарап келеді.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=WFBuYoa7F4E[/youtube]
Жауапты мамандар мал шаруашылығы осы қарқынын жоғалтпаса, облысты етпен қамтуға Шымқала шаруашылығының әлеуеті жетеді деп сендіреді.
Осыдан 4 жыл бұрын кішігірім бір қорада 90 бас ірі қараны семіртуді бастаған «Рау» шаруа қожалығында қазір 500-ге тарта ірі қара мал бордақыланып жатыр. Жергілікті тұқымдардан мұнда Солтүстіктен сатып алынған ақбас, швед сиырлары да бапталуда. Мал басын тағы 300-ге арттыру жоспары тұр.
Жеңілдетілген несие — мал бордақылауды қолға алған шаруа қожолық иелерінің барлығына дерлік ортақ арман. Салаға тиесілі мемлекеттік қамқорлық артса, еп-септі шаруалар Шымқаланың жайлы ауа райында бұл саланы ұршықтай иіріп әкетпек.