Қаңғыбас иттердің көзін жою ісі жүйеге қойылды

344

Шымкент қаласы әкімдігінің мамандары қаңғыбас иттермен күресті жүйелі жолға қойған. Жыл басынан бері 6 бригада 27 мың қаңғыбас ит-мысықтың көзін жойыпты.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=kjD7mXqWaWA[/youtube]

001Оған жұмсалған қаражат та қомақты. Шымкенттегі иесі жоқ жануарларды атуға биыл 31 миллион теңге бөлініпті. Қала аумағының кеңеюіне байланысты қосымша тағы 6 миллион теңге қарастырылған.

Ал әрбір итті аулауға 800 теңге жұмсалады екен. Санитар мамандар былай тұрсын, залалсыздандыру жұмысына енді «Нұр Отан» партиясының өкілдері де араласатын болды.