Өткелдердің құрылысы дер кезінде аяқталмады

313

Бүгін белгілі болғандай, жерасты өткелдерінің құрылысы межелеген мерзімінде бітпейтін түрі бар. Құрылыс жұмыстары жайдарлы жазда басталған Республика даңғылындағы жерасты өткелін салу жұмысының 80 пайызы аяқталған. Дендрарий саябағына қарсы беттен салынған өткелді құрылысшылар алдағы уақытта қолданысқа тапсырмақ. Ал «Евразия» базарының маңындағы жер үсті өткелінің биыл бітетін түрі жоқ.

001

18-шағынаудандағы өткелді салу мердігерлер үшін оңайға соқпапты. Құны 112 млн. теңгелік көпірдің құрылысы жаздың басында басталуы тиіс болатын. Алайда Тұрар Рысқұлов көшесіндегі көлік қозғалысын тоқтату мүмкін болмапты. Оның үстіне жердіғ астындағы коммуникация жүйелері жұмысты тежепті. Нәтижесінде жаяу жүргіншілер бұл өткел арқылы тек келер жылы ғана жүре алады.

[youtube]http://youtu.be/oav2oIc06rg[/youtube]

Ал Көмешбұлақ базарының маңындағы жерасты өткелі жайрап жатыр. Мердігер компания көршілес өзбек елінен келген арзанқол жұмысшыларды жалдаған. Құрылыс сапасын қадағалап жатқан жан жоқ. Жол үстіндегі асфальттың өзі талапқа сай төселмегені көрініп-ақ тұр. Түсіру тобын көре сала «Мемориал» ЖШС-нің өкілі жұдырық ала жүгірді. Кемшілігін көріп қояр деп сескенсе керек.

[youtube]http://youtu.be/zrrnyALcCCs[/youtube]

Ал әкімдіктің жауапты мамандары бұл кемшілікті жұмысшылардың өздері қайта орнына келтіреді деп отыр.

[youtube]http://youtu.be/ucUdtoAAY9E[/youtube]

Ал Дендрари саябағына қарсы беттен салынып жатқан өткелдегі құрылыс жоспар бойынша шілде айында аяқталуы тиіс болатын. Мердігер компания құрылыстың кешуілдеуін жобалық-сметалық құжатта ескерілмеген кедергілермен байланыстырып отыр. Келеңсіздіктің бәрі әуел баста дұрыс жоспарламаудың салдары дейді мамандар.