Бадамның бойындағы жол кеңейтілуде

447

Бадам өзені бойындағы жолдар кеңейтілуде. Солардың бірі – Бөгет көшесі. Құрылыстың бірінші кезеңі жылдың соңына дейін аяқталса, екінші кезеңі келер жылы жалғасын табатын болды.

005

Бүгінгі таңда жарты шақырым жолдағы құрылыс қарқынды жүріп жатыр. Мұнда мердігер компания жолды кеңейтуде. Оған қоса жолдың жиегінде арық-атыздар мен жаяу жүргіншілер жолы да қарастырылған.

[youtube]http://youtu.be/Hvok_HffjnU[/youtube]

Айта кететін жәйт, осыған дейін осы төңіректің тұрғындары «Жолымыз шұрқ тесік және тар» деп шағымданған да болатын. Кеңес заманынан бері күрделі жөндеуді көрмеген жолды жаңалау Бадам өзені жағалауын абаттандыруға байланысты қолға алынды.

Жаңадан көріктендірілген өзен жағалауының көркін бұзып тұрған жекеменшіктің үй қоралары да бетон қоршаумен жабылуда. Жергілікті тұрғындар мұндағы құрылыс және абаттандыру жұмыстарына риза.