Шымкент жастары Бекболат Тілеуханмен жүздесті

521

Шымкент қаласына белгілі қоғам қайраткері Бекболат Тілеухан келіп, жастар және ел ағаларымен кездесті. «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» жастар қанатының Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Жастар – Отанға!» партиялық жобасы аясында жастар Бекболат Тілеуханмен «Ұрпақтар сабақтастығы» алаңында кездесті.

001 (1)

Кездесуде Бекболат аға өзінің өмірлік тәжірибесіне сүйене отырып тәрбиелік мәні бар әңгіме құрады. Жастарға тәуелсіздік, Отан, отбасы, мемлекетшілік, салт-дәстүр құндылықтарын насихаттады.

001 (2)

001 (4)

«Нұр Отан» партиясының «Жастар – Отанға!» жобасы аясында ұйымдастырылып отырған «Ұрпақтар сабақтастығы» алаңдарындағы кездесулердің негізгі мақсаты – рухы мықты жастарды, елімізді дамытуға және гүлдендіруге өз үлесін қосуға дайын, жауакершілігі мол азаматтарды тәрбиелеу.

001 (3)

Патриотизмнің негізін қалаушы осы құндылықтар рухында жастарды өсіру әрқашан Қазақстанның сәтті дамуы мен гүлденуінің кепілі болып табылады.

001 (6)

Дереккөз: «Жас Отан» қанаты