Жыл соңына дейін 12 үй салынып бітеді

399

Облыс орталығында жыл соңына дейін 12 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы аяқталмақ. Бұл үйдегі пәтерлер баспана кезегінде ұзақ жылдар бойы тұрған азаматтар үшін берілетін болады.

001

Айта өтейік, «Нұрсәт» шағынауданында барлығы 45 көпқабатты үй бой көтеріп жатыр. Соның ішінде «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне» тиесілі үйдің саны – бесеу. Ал жас отбасылар үшін жеті үй салынуда. Қалған отыз үш үй – әлеуметтік ахуалы төмен отбасыларға жалға берілетін үй. Сондай-ақ, 2015 жылдың соңына дейін 33 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

[youtube]https://youtu.be/DAXgTCFkrdY[/youtube]