Шымкент қаласының әкімі балаларға сыйлық тарту етті

634

Шымкент қаласы әкімінің қала мектебінен әлеуметтік жағдайы төмен 180 балаға арналған жаңа жылдық шыршасы өтті. Екі сағатқа созылған ойын-сауық бағдарламасында балғындар ертегі қойылымдарын да тамашалап, өздері де өнер көрсетіп үлгерді.

002

Қала әкімінің қайырымдылық шырша мерекесіне әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шақырылған 180 бала қамтылды. Жаңа жыл мерекесі күні аяз ата мен қарша қызды асыға күткен балаларды қысқы ертегі кейіпкерлері қызықты мерекелік бағдарламамен қарсы алды.

Мерекелік шыршада Шымкент қаласы әкімінің орынбасары БаҺадыр Нарымбетов ортаға шығып, шыршаның шамын жақты. Мұнан соң келе жатқан жаңа жылмен кішкентай қонақтарды шын жүректен құттықтап, олардың болашақта қаланың дамуы мен гүлденуіне үлес қосатындарына сенім білдірді.

Түрлі-түсті костюмдер шеруі, көрікті шырша маңындағы көңілді думан, шат күлкі, сыйлықтар, қызықты ойындар мен би. Сүйікті ертегі кейіпкерлері балалардың көңілдерін көтерді. Бұл кеште әр бала қала әкімінен сыйлық алып, қуанышқа бөленді.