Әдет -ғұрып және салт-дәстүр орталығы жаңа дүниелермен толығуда

912

Облыстық әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы жаңа дүниелермен толығып жатыр. Құрылысына қазынадан 400 млн. теңге жұмсалған мекемеде қазіргі уақытта кеңес залынан бөлек салт-дәстүрге арналған екі көрме залы бар. Өзге бөлмелер зерттеу сыныптарына берілген.

Облыстық әдет -ғұрып және салт-дәстүр орталығы
Облыстық әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы

Және мекеме қазақтың салт-жоралғысынан бөлек облысымыздағы 20 мәдени-ұлттық орталықтың ғұрпынан сыр шертер жәдігерлермен де жасақталуда. Яғни, өзге ұлт пен ұлыс өкілдерінің киім-кешектерінен бастап, тұтынатын тағамдарына дейін егжей-тегжейлі жазылған еңбектерді де табасыз.

Салт-дәстүр залы
Салт-дәстүр залы

IMG_3860

Орталық қазақ халқының ұмытылар шегіне жеткен салт-жоралғыларын жаңғырту үшін де жұмыс жасайды. Мұндағы жаңа көрмеде «Жел бесіктен тал бесікке» дейінгі фәниді, яғни адамның дүние есігін ашуынан бастап, өмірден озуына дейінгі ұстанар ғұрпы көрініс тапқан. Қазақтың тектілігі де баяндалатын арнайы бұрыштар бар. «Жеті қазына» мен «Жеті жұрттың» шежіресінен де хабардар боласыз. Мекемеде әдеп пен дәстүрді үйлестірген ұлттық ойындар да таспаларға жазылып үлгеріпті.

өзге ұлт пен ұлыс өкілдерінің мәдениетінен сыр шертер дүниелер
Өзге ұлт пен ұлыс өкілдерінің мәдениетінен сыр шертер дүниелер

Қайырғали Медет, облыстық әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының директоры: «Біздің мұражайдан ерекшелігіміз – ғылыми орталық ретінде жұмыс жасаймыз. Сондықтан бұл дүниелерді жинап қана қомаймыз,  оның тарихын зерттеп-зерделеп, анықтаймыз. Заманауи үлгіде халыққа ұсынамыз. Бұл салт-дәстүрді қолданысқа енгізудің бірден-бір жолы дер едім.»