Күйеуін улап, 10 жылға сотталған азаматшаның үкімі өзгеріссіз қалды

276
Сот залынан

Оңтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер бойынша арнайы ауданаралық соты Алия Жұмановаға қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды.

Сот залынан
Сот залынан

Еске сала кетейік, күйеуін өлтіргені үшін оның әйелі 10 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Шымкенттегі көлік базарының иесі 2010 жылдың сәуір айында белгісіз жағдайда қайтыс болған. Кейін құқық қорғау органдары қазаның себебін анықтады.

Сараптама жұмыстары марқұмның жұбайы ұзақ жылдар бойы кәсіпкердің тағамына психотроптық заттарды қосу арқылы өз күйеуін улап өлтіргенін анықтап берген болатын.