Коммуналдық қызмет сапасы бағасына сай ма?

254
коммуналдық төлемдер өсуде

Комуналдық қызмет сапасы бағасына сай емес. Облыстық тұтынушылар құқын қорғау департаментінде өткен жиында саланың өзекті мәселелері ортаға салынды. Сала мамандары құзырлы мекемеге әсіресе коммуналдық қызметтің құны көрсетілген түбіртектерге қатысты шағымдар жиі түсетінін айтады.

коммуналдық төлемдер өсуде

Талас-тартысқа жиі арқау болса да коммуналдық қызметтердің түйткілдері шешілетін емес. Жыл сайын шарықтап өсетін бағаны да бағындыру мүмкін болмай тұр. Ортақ шығынның өзі тұтунышылар қалтасына айтарлықтай салмақ салуда. Ал сала мамандары бұл орайда алдымен заңнамадағы шикілікті жою қажет деп біледі.

Бүгінде тұтынушылар газдың текше метріне 25 теңге төлейді. Өңір халқы республика бойынша ең қымбат көгілдір отынды тұтынуда. Ал тұтынушылар құқын қорғау бірлесітігінің өкілдерінің пікірінше, жолай газ бізге көтерме бағада жеткізілуі тиіс. Құнына қарай сапасы да сай болса бір сәрі.

Күн суыса газ қысымының төмендеп, тіпті қақаған аязда кейбір елдімекен тұрғындарының көгілдір газдан қағылатына да жасырын емес. Мәселен, Қайтпас – төменгі газ қысымынан жиі зардап шекетін елдімекендердің бірі. Алайда, жауаптылар күні кеше ғана бұл мәселені реттедік деп сендіреді.