Шұбарсуда балабақша ашылды

964

Тұңғыш Президент күні Ордабасы ауданындағы Шұбарсу ауылында жаңа «Жұлдыздар мекені» балабақшасы ашылды. «Балапан» бағдарламасы аясында ашылған бөбекжай ғимаратын жеке кәсіпкер Ақан Тәтпенов 67 млн. теңгеге тұрғызып, іске қосқан.

003

Мұнда 150 бүлдіршін қабылданып, тәрбиеленуде. Сонымен қатар 35 адам жұмыспен қамтылды. Балабақша меңгерушісі Қарлығаш Тәтпенова тәрбиешілердің білімі мен біліктілігі сараланып, барлығы арнайы іріктеуден өткенін мәлімдеді.

005

Аудан әкімі Самат Сапарбаев Шұбарсу ауылының тұрғындарын мерекемен құттықтай отырып, ауданда мемлекеттік бағдарлама аясында атқарылған жұмыстар барысын атап өтті. Аудандық мәслихаттың депутаты Абдраман Тұрмағанбетов те өз сөзінде Шұбарсу ауылында қолға алынған тірліктің молдығын, кәсіпкерлік нысандарының күнделікті қатары артып келетінін тілге тиек етті.

004

Дереккөз: Ордабасы ауданы әкімдігі аппаратының баспасөз қызметі