Түріктер ата тарихын Шымкентке іздеп келді

262
Түріктер ата тарихын Оңтүстіктен іздеуде

Шымкентке Түркия елінің Болу қаласының делегациясы келді. Қонақтарды шаһар басшысы Дархан Сатыбалды қабылдады. Болу қаласының әкімі бастап келген делегациямен өткен алқалы жиында екі елдің қала әкімдері шаһарлардың тыныс-тіршілігі, экономикалық және өндірістік саладағы тірліктерін айтты.

Болу қаласының әкімі Алаттин Иылмаз бастап келген топта оның орынбасары, мәдениет және тілшілер бар. Кездесу соңында әкімдер бірін-біріне сый-сияпат жасады.

Түріктер ата тарихын Оңтүстіктен іздеуде

Алаттин Йылмаз, Түркия мемлекеті Болу қаласының әкімі:» Қазақстан – түркі жұртының қара шаңырағы. Екі ел арасындағы мәдени қарым-қатынастың тығыз болуы біз үшін өте маңызды. Келудегі мақсатымыз – біріншіден, Наурыз мерекесін кең көлемде тойлау, екіншіден, осы жерде Көрұғлы бабамыз болған екен. Сол жайында мәлімет жинаудамыз.»