«Таблиғи жамағат» ағымының белді мүшесі сотталды

274

Теріc пиғыл өрге баспады. Сайрам ауданындағы Қарабұлақ ауылының тұрғыны, «Таблиғи Жамағат» ағымының белді мүшесі Мамуржон Турашов 3 жылға бас бостандығынан айрылды. Аудандық сотта осы іске күні кеше нүкте қойылды.

006

Мамуржон Турашов өз жақтастарының қатарын көбейту мақсатымен осы күнге дейін белсенді жұмыс жасаған. Әйелі Шакирова Зейнолланың атына Сайрам ауданына қарасты Қарабұлақ ауылынан жер телімін сатып алып, намазхана салған.

«Айыпталушы бұл намазханада «Экстер» арнайы базасында есепте тұрған, сотпен тыйым салынған «Таблиғи жамағат» діни ағымы жөнінде теріс пиғылды үгіт-насихат жүргізген» дейді судья.

Мамуржон Турашов осы жасаған қылмысы үшін 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын жалпы режимдегі түзеу колониясында өтейтін болып белгіленді. Бұл шешіммен айыпталушының қорғаушысы келіспейтінін жеткізді.

Бүгінге дейін бұл іс бойынша екі сот отырысы өткен. Сайрам аудандық сот төрағасы мұндай теріс пиғылды діни ұйымдарға қатысты алғаш рет жаза тағайындап, шешім шығарып отырғанын айтады. Естеріңзге салған артық болмас, былтыр Астана соты «Таблиғи жамагат» ағымын экстремистік ұйым деп таныған. Оның әрекет етуіне Қазақстан аумағында тыйым салынған.