Жанармай Шымкентте де арзандады

224

Қазақстан бойынша арзандаған жанармай бағасы Шымкентте де төмендеді. Енді оңтүстікқазақстандықтар сұйық отынды бұрынғы бағамен, яғни 115 теңгеден құятын болды.

007

Үкімет уәде еткендей, жанар-жағармай бағасы арзандаған сәтте қаладағы жанармай бекеттерінде ұзын-сонар кезек пайда болды. Жүргізушілер сұйық отынды арзан бағамен көбірек сатып алуға тырысуда.

Осылайша көлік иелерінің қалтасын қағып келген бензин бағасы арзандады. Дегенмен, бұл өзгерісті жағармай бекеттерінің иелері қалай қабылдағаны белгісіз. Себебі айтпаса да белгілі.