Қазақстанда жанар-жағармай бағасы тағы да арзандап отыр. Бұл туралы энергетика министі Владимир Школьниктің жарлығы шықты. Енді дизельді отынның 1 литрі — 107 теңге, ал АИ-92 маркалы жанармай 109 теңге тұрады.
2014 жылдың 30-желтоқсаны күні энергетика министрінің Ұлттық экономика министрлігімен келісілген № 229 бұйрығы шықты. Оған сәйкес энергетика министрінің 2014 жылдың 10-желтоқсаны күнгі № 193 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізіліп отыр: «1 пункте «115» саны «109» санына өзгертілсін.» Бұл туралы энергетика министрлігінің сайты жазады.
Осыған сәйкес Қазақстандағы жанар-жағармайды сату бағасы қосымша құн салығымен қоса есептегенде төмендегідей болып бекітіледі:
Дизелді отынның 1 литрі — 107 теңге;
АИ-80 жанармайының 1 литрі — 89 теңге;
АИ-92 маркалы бензинінің 1 литрі — 109 теңге.