Әжелер волейбол ойнады…

370

Волейболшы әжелер. Мақтаарал ауданының батыр аналары мен әжелерінен жасақталған команда әзірге өз биігінде келеді. Жеңістің 70 жылдығына орай ұйымдастырылған кезекті сайыста олар ешкімге дес бермеді.

001

Команда капитаны Хабиба Мұратова – 8 баланы бағып-қағып өсірген ана әрі зейнеткер ұстаз. Спортты жас күнінен жанына серік еткен белсенді жанның мақсаты да айқын. Ол – өз командасының намысын республикалық қана емес, халықаралық жарыстарда да қорғау.

Айта кетейік, ала допты әуелеткен аналар командасының құрылғанына төрт жыл болжы. Топ мүшелері жаттығуды да тыңғылықты жүргізеді. Ал замандастары жанкүйер ретінде қолдау білдіріп отырады. Спортқа ден қойған аналар енді халықаралық додаларда топ жарамыз деп құлшынып отыр.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=lQlIFlmYjcI[/youtube]