Депутаттар облыс бюджетін талқылады

167

Бүгін азаматтардың құқықтарын қамтамассыз ету және жергілікті өзін өзі басқару жөніндегі тұрақты комиссиясы өтті. Депутаттар республикалық бюджеттен түскен 138 млрд. теңгенің салаларға бөлінуін талқылады.

001

Айта кететін жәйт – жолдауға сәйкес азаматтық қызметшілерге үстемақы төлеуге, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мекемелердің еңбек ақысын ұлғайтуға және мемлекеттік әкімшілік қызметшілер еңбекақысының деңгейін арттыруға қажетті қаржы бөлінді.

Сондай-ақ, елдімекендерді газдандыру, жарықтандыру және де ауызсумен қамтуда жоспарланған жұмыстар кезегімен жалғасады, қаржы қарастырылды. Жаңа нысандардың құрылысы түзетуден кейін қолға алынбақ. Кәсіпкерлікті, құрылыс және коммуналдық саланы дамыту комиссиясының мүшелері бюджеттен бөлінген қаржының жылу жүйесінің құрылысын сапалы толық жүргізуге жетпейді деп дабыл қағуда.

Қазынадан бөлінген қаражаттың мақсатты игерілуі де мәжілісте сөз болды. Ескеретін жәйт, аса маңызды нысандардан қаржы қысқартылмайды.