Оңтүстікте көлік ұрлайтын қылмыстық топ ұсталды

303

Оңтүстік Қазақстан облысының полиция қызметкерлері автокөліктерді айдап кетіп жүрген қылмыстық топты құрықтады. Бұл туралы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды. Криминалды полицияның жедел уәкілдері арнайы операция нәтижесінде шетелдік көліктерді айдап кетіп жүрген күдіктілерді ұстаған.

4

Өткен жылдың желтоқсан айында Шымкент ҚІІБ Әл Фараби полиция бөліміне 26 жастағы жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында «Нұрсәт» шағынауданындағы үйдің ауласында тұрған «Ауди-80» маркалы, құны жарты миллион теңгеден астам қаржыға бағаланатын көлігін түнгі уақытта белгісіз біреулердің айдап кеткені туралы көрсеткен. Қорықшы болып жұмыс істейін азаматтың айтуы бойынша автокөліктің ішінде қызметтік қаруы, «Байкал» маркалы тапанша, тапаншаның қабы және 8 оқ, ақша және басқа да бағалы заттары болған.

3

Жедел іздестіру іс-шарасы кезінде тәртіп сақшылары 37, 22 және 21 жастағы Шымкент қаласының үш тұрғынын күдікті ретінде құрықтады. Олардың ішіндегі ең жасынан ұрланған «Байкал» маркалы тапаншасы оғымен бірге табылып отыр. Тергеу барысында жас жігіттің бұл қаруды сатпақ болғаны анықталды.

6

Полиция қызметкерлері ұсталған күдіктілердің 4 автокөлік ұрлығына қатысы бар екенін анықтап отыр. Оның ішінде үш қылмыс өткен жылдың желтоқсан айында жасалған.

Күдіктілер алдымен аулада немесе автотұрақта қараусыз тұрған автокөліктерді таңдап, дабылы бар-жоғын алдын ала тексеріп алып, кілт арқылы ашып айдап кетіп жүрген. Соның бірі – 2014 жылдың 26-желтоқсанда 32 жастағы Шымкент тұрғынының 24 мың АҚШ долларға бағаланатын «Лексус» маркалы автокөлігін Забадам ауданында мешіттің жанында тұрған жерінен айдап кеткен.

2

Қазіргі таңда тәртіп сақшылары айғақ зат ретінде «Лексус» және «Ауди-80» маркалы автокөліктерді және «Байкал» тапаншасын оғымен, кілт және тағы да басқа заттарды алды.

5

Аталған жайтқа байланысты ҚР ҚК-нің 175-бабы – «Ұрлық » дәйегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер Шымкент ҚІІБ уақытша ұстау изоляторында қамауда. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Қазіргі таңда жедел уәкілдер ұсталғандардың Оңтүстік Қазақстан облысында орын алған осындай өзге де қылмыстарға қатысты бар-жоғын анықтап жатыр.