Оңтүстікте мақта алқабы азайып, табыс молайды

427

Оңтүстік Қазақстан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы есеп берді. Өңір басшысы Асқар Мырзахметовтың төрағалығымен өткен мәжілісте басқарма басшысы Қанатбек Оспанбеков өткен жылы атқарған жұмыстар туралы айтып берді. Ол салада атқарылған жұмыстар негізінен агроөнеркәсіп кешенін дамытуға бағытталғанына назар аударды.

001

Былтыр өңіріміздегі ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 101,4 пайыз болып, нақты көлем индексі 101,6 пайызды құраған. Қолға алынған жұмыстардың нәтижесінде былтыр егіс көлемін әртараптандыру межесі 774 мың гектардан 779 мың гектарға ұлғайған.

Суармалы танаптың көлемін ұлғайту тапсырмасы 82 пайызға орындалып, аумағы 21,6 мың гектарға жеткен. Мақтаарал ауданында егістікті әртараптандырудың 2014-2016 жылдарға арналған кешенді іс-шаралар жоспарына сәйкес 8 мың гектар алқаптағы мақта дақылы қысқартылған.

Оның орнына бақша, жүгері, жоңышқа, көкөніс, жеміс-жүзім дақылдары егіліп, шаруалар 5,9 млрд. теңгеден астам таза табыс тауыпты.

Басқарма басшысы салыстырмалы түрде айта келіп, 2014 жылы барлығы 86 мың гектар жерге мақта дақылы егіліп, небәрі 1 млрд. теңгеден астам ғана табыс болғанын айтты.

Дереккөз: Облыс әкімдігі аппаратының баспасөз қызметі