Тәртіп сақшылары «Автонұр» базарын қарсылыққа қарамастан тексеріп шықты

560

«Автонұр» базарының әкімшілігі бүгін Оңтүстік Қазақстан облыстық көші-қон басқармасы қызметкерлерінің жұмыстарына қарсылық көрсетіп, шу шығарды. Естеріңізге салар болсақ, өткен аптада базардағы шетел азаматтарын анықтауға барған полицейлерді базар басшылары ішке кіргізбей, заңды бұзған еді.

004

Қаладағы өзге базарлардың бәрін ешқандай кедергісіз тексеріп шыққан көші-қон басқармасының мамандары бүгін «Автонұр» базарына қайта келгенн болатын. Бүгінгі рейдтік шараға ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері де жұмылдырылды.

Айта кету керек, сауда орталығынан бір де бір шетел азаматы анықталмады. Дүңгіршектер мен сауда қатарларының көпшілігінің есігіне қара құлып салыныпты.

[youtube]http://youtu.be/xCtHuI1lPvA[/youtube]