Базар сатушылары: «Әлеуметтік баға бізден арзан болуы тиіс!»

319

Азық-түліктің бағасын тұрақтандыру мақсатында ұйымдастырылған іс шаралар өз нәтижесін беруде. Қала базарлары мен бірқатар ірі сауда орталықтарында әлеуметтік бағада сатылып жатқан күнделікті тұтыну тауарлары зейнеткерлер мен аз қамтылған отбасылары қолайлы. Ал базардағы сатушылар бұл әлеуметтік баға емес, көзбояушылық деп өз уәждерін алға тартуда.

001

Қырғы базардың аумағында тұрақтандыру қорынан жеткізілген азық-түліктің саудасы қызу жүруде. Кезекте тұрған Жұпаркүл апай таңдауын былтыр жылдың соңында жасаған. Зейнеткер картоп, ұн, күріш, құмшекерді осында әлеуметтік бағамен сатып алады.

Бағаны ауыздықтауға бағытталған шара облыс әкімдігі жанындағы тұрақтандыру қорының қадағалауында. Өңірдегі әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының мамандары былтыр тамыз айынан бері облыс орталығындағы екі қоймада күнделікті тұтынатын азық-түліктің қорын жасаған болатын. Былтыр желтоқсан айынан бастап қаладағы базарларда және жәрмеңкеде әлеуметтік бағамен сатылып жатқан тауарлар өзіміздікі, сапасы да жақсы дейді мамандар.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=P-577uS1jIc[/youtube]

Тұрақтандыру қорындағы картоп, пияз, сәбіздің келісі – 65 теңгеден, бірінші сұрыптағы ұнның келісі – 66, қабы 3300 теңге, құмшекер – 155, ал бірінші сұрыпты күріш 175 теңгеден сатылуда. Макарон өнімдері 135 теңге тұрады. Алайда базардағы сатушылар бағалар бұдан да төмен болуы керек дейді.

Тұрғындар әлеуметтік бағадағы азық-түлікті таңдауда. Бұл өз кезегінде алыпсатарлардың саудасына кері әсерін тигізіп жатқаны тағы бар.