Көктемге дайындық қалай?

502

Санаулы күндерден соң көктем басталады. Ал күн жылынса қордаланған қоқыстан кезекті мәселе туындауы мүмкін. Сондықтан кезек күттірмей, қаладаєы санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізуге мемлекеттік сатып алу конкурсы басталып кетті.

Еңбекші ауданы бойынша тендер 7 лот бойынша өткізіледі. Қаңтар айынан бері аудан көлемін мердігерлер екі айлық келісім-шарт бойынша тазалап келген. Бүгінгі жағдай қандай?

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=NLBkk0vyHIg[/youtube]

Еңбекші ауданы бойынша тазалыққа қатысты жұмыстың ауқымды бөлігін «Спецавтотранспорт» мекемесінің мамандары атқарады. Аулаларды тазарту жұмысы үшін төрт техника мен 80 жұмысшы жұмылдырылған. Олар өздеріне бекітілген 500 көпқабаты үй аумағының 70-80 пайызын тазалап, наурыз айына дейін қыс бойы қордаланған қоқысты шығаруды жоспарлап отыр.

Еңбекші ауданының әкімдігі өткен жылы тазалық жұмыстары үшін 214 млн. теңге жұмсаған. Биыл 20 мың 660 гектар аумақты таза ұстап тұру үшін 280 млн. теңге қарастырылыпты. Көпқабаты үй аулаларында бір жеке секторда 6 мердігер мекеме жұмыс жасайтын болады.

28 ақпан Еңбекші ауданы тұрғындары үшін сенбілік. Осы күні аудан басшылары бүкіл тұрғындар тазалыққа көңіл бөлсе дейді. Ал әзірге әкімдік қызметкерлері қала аумағына қосылған елдімекендерде су тасуының алдын алу шараларын жүргізіп жатыр.