«Оңтүстік цирк» шетелдіктермен тәжірибе алмасады

823

Өзге мемлекетте цирк өнерпаздарының дарынды қабілеттерін паш етіп, ұлттық құндылықтарды көрсету негізінде Шымкентте «Оңтүстік цирк» пен Қытай, Өзбекстан республикаларының цирк әртістері арасында тәжірибе алмасу мақсатында келісімге қол қойылды.

001

Айтулы жоспарды Қазақ циркін дамыту үшін «Оңтүстік цирк» ұжымы қолға алған. Шымкентке арнайы келген ҚХР-ның Шаньдун провинциясындағы мемлекеттік циркінің директоры Шиао Линь және Өзбекстан Республикасындағы жылжымалы цирктің директоры Ф.Егембердиев «Оңтүстік цирк» мекеменің тыныс-тіршілігімен танысып, өнерпаздарының көрсетілімдерін тамашалады.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=iOJNbs6749c[/youtube]

«Біздің басты мақсат – жұмысты өрлету, қазақтың ұлттық төл өнерінде цирк қойылымдары арқылы шетел назарына төрлету» деген «Оңтүстік цирк» басшысы А. Алиев алдағы уақытта аталған елдер арасындағы өнер байланысы одан әрі дамитынын жеткізді.

Дереккөз: «Оңтүстік цирктің» баспасөз қызметі