Оңтүстіктің намысын алғаш рет АҚШ және мексикалық футболшылар қорғайды

240
Жордан және Десири енді оңтүстік қазақстанның намысын қорғайды

2014 жылы әйелдер арасындағы ел чемпионатында жеңімпаз атанған Оңтүстіктің «Қазығұрт-БИІК» командасы биылғы маусымға дайындығын бастады. Үш апта бойында Шымкентте жаттыққан жерлестеріміздің құрамы жаңа ойыншылармен толықты. Американың екі және Мексиканың бір ойыншысы енді облысымыздың намысын қорғайтын болады.

Жордан және Десири енді оңтүстік қазақстанның намысын қорғайды
Жордан және Десири

Мексикалық футболшы Десири Монсивайстың Шымкентке келгеніне үш күн ғана болды. Легионер енді Оңтүстіктің «Қазығұрт-БИІК» командасының құрамын толықтырды. Келісім-шартқа қол қойылып, қазір жерлестерімізбен бірге Аланияда өтетін оқу-жаттығу жиынына дайындалуда.

Десири Монсивайс: «Шымкентке келгеніме қуаныштымын. «Қазығұрт-БИІК» командасы маған ұнайды. Осыған дейін де бұл клуб жайында естігенмін. Енді олармен бірге жеңіске жетеміз деп сенемін.»

Шымкенттіктердің қатарын АҚШ-тың екі спортшысы да толықтырды. Олар өз елінің құрама командасында өнер көрсетіп жүр. Жордан Росеборо Мерилин университетінде ала допты қуаласа, Реми Гибба да кәсіби футбол командасында ойнаған.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=6Hr54dm_1Dk[/youtube]

Жордан Росеборо: «Әзірге барлығы да көңілден шығып отыр. Чемпиондар лигасында командаға көмегім тисе, мен үшін үлкен қуаныш болар еді.»

Чемпиондар лигасы тамыз айында басталады. Республикалық сынақтың жеңімпаздары биылғы маусымда европалық аренада топ жаруды көздейді. Ол үшін бас бапкер Калоян Петков команда құрамын тағы бірнеше футболшымен толықтырмақ. Түркиядағы оқу-жаттығу жиыны кезінде Норвегия және Нигериядан легионерлер келмек.

Калоян Петков: "Биылғы маусым жемісті болуы тиіс."
Калоян Петков

Калоян Петков, «Қазығұрт-БИІК»командасының бас бапкері: «Европада жеңіске жету үшін команда мықты болуы тиіс. Сол себепті шебер футболшыларды шақырып жатырмыз. Жартылай қорғаушыларды алдық. Енді тағы бірнеше футболшыны қарастырып жатырмыз.»

Ақпанның соңына дейін футболшы қыздар Түркияда дайындалады. Содан кейін ел чемпионатына дейін Оңтүстікте шеберліктерін шыңдайды.