Жаңа балабақшаның құрылысы басталды

229

Шымкентте тағы бір бөбекжай балабақшаның құрылысы басталды. Самал-2 шағынауданындағы 320 орындық балабақшаның құрылысы 2014 жылы жоспарға енгізілген.

002

Былтыр нысанның жер жұмыстары үшін 30 млн. теңге қаражат бөлінген. «Юг строй сервис Н» мекемесі балабақшаның іргетасын қалап, бүгін қабырғаларын тұрғыза бастады. Құрылысқа 4 техника мен 20-дан астам жұмысшы жұмылдырылған.

Нысан республикалық бюджет есебінен қаржыландырылады. Биыл қалған қаржы бөлінген жағдайда 2015 жылдың соңына дейін балабақша қолданысқа тапсырылады деген жоспар бар.