Жедел жәрдемнен көмек сұрағандар көп

312
фото: //tvc.ru

Күн суытқалы біраз адамды жүрек ауруы мазалады. Шымкеттегі жедел жәрдем бекетінің мамандары осылай деп отыр. Бір өкініштісі, дәрігерден көмек сұрағандардың басым бөлігі жастар екен.

Демек бұл құбылыс осы буын өкілдері арасында жүрек ауруларының дендеп бара жатқанын көрсетеді. Жедел жәрдем бекетіндегілерді мазалайтын тағы бір мәселе бар. Ол – болмашыға қоңырау шалып, мамандардың уақытын текке алып жататындардың көбеюі.

фото: //tvc.ru
фото: //tvc.ru

Бұдан бөлек осы сынды жедел жәрдем стансасында болмашыға мазалаған оқиғалар жыл басынан бері жетіп артылады. Мәселен жедел жәрдем қызметіне жүгінетін науқас медициналық мекемеде есепте тұрса да тиісті емін қабылдамай, оның соңы келеңсіз жағдайға әкелген.

Жалпы, жыл басынан жедел жәрдем бекетіне түскен қоңыраулар саны 40 мыңға жуықтайды. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда тоғыз мың қоңырауға артық. Әсіресе жедел шақыртулардың басым бөлігі жүрек ауруларына қатысты.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=aZzTsJgFlOU[/youtube]

Адамның тәні ауырғанда дәрігерден өзге ешкім көмектесе алмайды. Сондықтан жедел жәрдемнің көмегіне шұғыл жүгінбесе болмайды. Ал болмашыға мазалаушылар 103 нөмірін терер алдында әбден ойланғаны абзал. Өйткені дәрігерді шақырмай, жеңіл жәйтті өзіңіз шешу арқылы бір адамның өмірін құтқаруып қалуыңыз әбден мүмкін.