Қауіпсіздік үшін 40 шақырым теміржол қоршалады

409
Темір жолда қауіпсізік шаралары артуда

Темір жолда ажал құшқандардың саны азаймай отыр. Биылғы екі ай ішінде республикадағы шойын жол бойында 11 оқиға тіркелсе, соның 5-і Шымкентте орын алған. Теміржолшылар оған тосқауыл қоюдың бір жолы елдімекендер арқылы өтетін жолдардың жиегін қоршау деп шешті. Бұл жұмыстар қазіргі таңда басталып та кеткен.

Шойын жолда ажал құшқандардың саны артып отыр

Шымкент станциясына қарасты шойын жолдың ұзындығы 40 шақырымды құрайды. Қызылсай ауылынан бергі бөлікте 8 шақырым жол жиегі қоршалып та үлгерілді. Жұмыстар қара күзге дейін жалғасады.

Нұралыхан Мұсаев, Шымкент жол станциясының бас инженері: «Қызылсай-Шымкент, Шымкент-Қорғасын аралығындағы 40 шақырымға жуық жолды қоршаймыз. Жұмыс ақпан айында басталды. Қазір қарқынды жүруде. Халыққа түсіндіріп жатырмыз. Тұрғындар тарапынан ешқандай наразылық жоқ. Бәрі мұны қолдап отыр. Балаларының мектепке барып-келіп, жүріп-тұруларына арнайы өткелдер қалдырылуда.»

Темір жолда қауіпсізік шаралары артуда

Биыл жыл басынан бері біздің өңірде тіркелген 5 оқиғаның соңғысында 3 сынып оқушысы, жас бала көз жұмды. Теміржол бойында қоныстанған тұрғындар балалары үшін алаңдаулы. Бой көтеріп жатқан қоршаулар түрлі апаттарды болдырмауға сеп болса деп қуанып отыр.

Бекмахамбет Досыбаев, тұрғын: «Теміржол өте қауіпті еді. Құдайға шүкір, үкімет мынадай жақсылық жасап жатыр. Адам өлімі жиі-жиі болатын. Көпшілік теміржолдың әр жерінен өтетін. Қауіпсіз болып тұр. Рахмет!»

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=18EZYw-mLpY[/youtube]

Алайда қауіпсіздікті сақтау әр тұрғынның өзіне байланысты екенін көбінде ұмыт қалдыратындар көп. Қазір халықтың жүріп-тұруына қолайлы болуы үшін әрбір 100-150 метр сайын арнайы өткелдер де қарастырылуда. Оның қаншалықты пайдалы болғанын аз күндерде-ақ байқаймыз дейді теміржолшылар.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, елімізде жылына 100 адам шойын жолда зардап шегеді екен. Оның 75 пайызында өлім жағдайы орын алады.