Аяғы жылу құбырына қысылып қалған қыз құтқарылды

378

Келеңсіз жағдайға тап болған шымкенттік бүлдіршінді құтқарушылар алып шықты. «Теріскей» шағынауданында тұратын отбасыға мереке күндері құтқарушылардың көмегі қажет болды. Жатын бөлмеде жалғыз өзі қалған жеті жасар қыз ойнап жүріп, аяғын жылу радиаторының арасына кіргізген. Содан қайтып шығара алмай, қысылып қалыпты.

002

Алдымен қыздың ата-анасы перзенттеріне өздері көмектеспек болады. Дегенмен, арада жарты сағаттай уақыт өткен соң кәсіпқойлардың көмегінсіз нәтиже шықпайтынына көз жеткізген соң құтқару жасағына хабарласқан.

Оқиға орнына құтқарушылар тез арада келіп жеткен. Олар гидравликалық кеңейткіш құралдың көмегімен радиатордың арасын ашып, қыздың аяғын босатты. Бұл іске бар-жоғы 5 минут уақыт кеткен.

003

Айта кету керек, үйдегі ересектер қыздың халін байқаған соң дереу жекелей жылыту құралын өшіріп қойып, ішіндегі суды төгіп тастапты. Әйтпеген жағдайда жас қыздың аяғы күйіп те қалуы мүмкін еді. Абырой болғанда бүлдіршін ешқандай жарақат алған жоқ.