Түлкібаста нан зауыты ашылды

606

Түлкібас ауданында үдемелі индустриалды инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында «Түлкібас нан» ЖШС заманауи нан зауыты іске қосылды. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойыншы қаржыландырылған кәсіпорында жылына 5 мың тонна нан өнімі пісірілетін болады.

000

Кәсіпорынға ресейлік құрал-жабдықтар орнатылған. Мұнда 34 жергілікті тұрғын жұмыспен қамтылып отыр. Толық іске қосылған кәсіпорынның алғашқы өнімі ауданның барлық аумағындағы дүкендерге өткізілді.

Алдағы уақытта зауыттың арнайы дүкендері аудандағы барлық 23 елдімекенде ашылмақ. Аудан әкімдігі тарапынан дүкен салуға қажетті жер телімдері бөлінген.

Дереккөз: ОҚО әкімі аппаратының баспасөз қызметі