Әскерге шақыру басталды

596
фото: //asker.kz

1 сәуірден Қазақстанда көктемгі әскерге шақыру басталды. Науқан кезінде 18 бен 27 жас аралығындағы 14 мыңдай азамат  әскер қатарына шақырылады. Олардың қатарында Оңтүстік Қазақстандық 1700-дей жас бар.

фото: //asker.kz
фото: //asker.kz

Алғашқы 50 жігіт таяуда облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментіне жиналып, әскерге шақыру комиссиясының іріктеуінен өте бастады. Айта кету керек, Қазақстанда биылдан бастап әскери борышын өтеуден жалтарғандарға тағайындалатын жаза қатайтылған. Заң бұзушыларға айыппұл салумен қатар қамауға алу жазасы да кесілмек.