Батырлар қорымын жаңарту жұмыстары аяқталып қалды

305

Шымкент қаласындағы «Батырлар картасы» ескерткішінің жаңарту жұмыстары аяқталып қалды. Ұлы жеңістің 70 жылдығы қарсаңында қолға алынған жаңарту жұмысы 3 сәуірде басталған болатын. Мердігер компания өздеріне жүктелген міндеттің 90 пайызын орындап үлгеріпті.

002

Жоспар бойынша, құрылыс жұмыстары 5 мамырда аяқталуы тиіс. Айта өтейік, бұл қорымда ҰОС кезінде қаза болған 50-ден астам жауынгер жерленген. Кеңес Одағы кезіңінен бері жаңартылмаған батырлар картасы, заманауи үлгіде өзгертіліп жатыр.

001

Сондай-ақ, Даңк мемориалы аумағында да соңғы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Мемориал айналасындағы жолды кеңейту жұмыстары қарқын алған. 450 шаршы метрге арнайы төсенішті «Сервис Юг Универсал» серіктестігі салады. Мердігер компания мерекеге санаулы күн қалғанын ескеріп, жөндеу жұмыстарын үзіліссіз жүргізіп жатыр.