Батыста жол апатын жасаған – шымкенттік жүргізуші

269
Фото: //azh.kz

Батыс Қазақстан облысында аударылған автобустың жүргізушісі бұған дейін көлікті есірткі қолданып айдағаны үшін жазаланғаны белгілі болды. Бұл азаматты осыдан он шақты күн бұрын ақтөбелік тәртіп сақшылары ұстап, үш жылға көлік жүргізу құқығынан айрыпты.

Фото: //azh.kz
Фото: //azh.kz

Алайда жүргізуші 15 күнге берілген рұқсат қағазымен жолаушы тасымалдауға тағы шыққан. Өкінішке қарай, осы жолы ол тізгіндеген автобус көпірден құлап, 4 адам қаза тапты. Көлікте болған 64 жолаушының бәрі – Өзбекстан азаматтары. Тек жүргізуші – Оңтүстік Қазақстанның тұрғыны. Оған қатысты қазір қылмыстық іс қозғалды.