Еңбекші ауданының ардагерлері марапатталды

532

Қазақстан бойынша Жеңістің жетпіс жылдығына орай еңбек ардагерлері медальмен марапатталады. Мұндай қошеметке Шымкенттегі Еңбекші ауданы бойынша 2160 азамат ие болды. Салтанатты шарада бас қосқан еңбек ардагерлері соғыс жылдарындағы бастан кешірген қиыншылықтарды еске алып, көрсетілген құрметке марқайып қалды.

006

Қызжан әжейдің омырауы бүгін тағы бір медальмен толықты. Тыл ардагері жеңістің жолында құрбан болған жауынгерлердің ерлігін өзінен кейінгі ұрпаққа айтуды ұмытқан емес. Өйткені екінші дүниежүзілік соғысқа ақ жаулықты ананың туған бауырлары, әкесі, 30 жыл отандасқан жұбайы да қатысқан. Сондықтан ардагер үшін жеңістің әрбір сәті, күні қымбат.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=0tmzIg8shSA[/youtube]

Бейбіт өмір үшін жанын қиған боздақтардың ерлігі өлшеусіз. Ал соғыс жылдарында елде қалып, қара еңбек еткендер кез келген істі ауыр немесе жеңіл деп бөлмеді. Өйткені жемісті жұмыстың нәтижесі қан майдандағы жауынгерлер үшін ауадай қажет еді.

004

 

Айта кетейік, Қазақстан бойынша барлық жерде бүгін тыл ардагерлерге мерекелік медаль табысталуда.

Лаура Мамырова