Мұхтар Әуезов көшесіне асфальт төселе ме?

350

Шымкенте жолдарды орташа жөндеу жұмыстары басталды. Бүгінгі таңда 20 көшеде жұмыс қызу қарқын алыпты. Алайда «Сәуле» шағанауданындағы Мұхтар Әуезов көшесі бұл тізімге кірмей қалыпты. Осыны естіген тұрғындар наразылықтарын білдірді.

006

Ұзындығы 500 метрге жуық М.Әуезов көшесінің сыйқы – осы. Ойлы-шұңқырлы, ені тар. Сол себепті мердігерлер онда асфалт салуға қарсылық білдірген. Техниканың кіріп-шығуы қиын деп отыр. Алайда тұрғындар онымен келіспейді.

Тұрғындардың өз арыздарын арқалап көпшіліктің бармаған жері, қақпаған есігі қалмапты. Жақында ғана Әл Фараби ауданының әкімі келіп, жол бөлімінің басшыларымен кездескен. Техника кіре алмайтын жерге шағал тас төсеп берейік деген ұсыныс айтылған. Бірақ жол азабын тарқан ағайын оған көнер емес.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=Q44yaGJRpNs[/youtube]

Жалпы биыл Шымкенттегі 65 көше орташа жөндеуден өтеді деген жоспар бар. Бөлінген қаражат – 1 млрд 400 млн теңге. Өткен жылы 125 көше жөнделіп, оған 3 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген. Сәулеліктер осындай қомақты ақшадан 100 метр жерге асфалт төселмейді дегенге көнгісі жоқ.

Нұрлан Жаңабай