«Майдангерлер» киносы қалай түсірілді?

721

«Отырар» телеарнасының «Жаңа күн» таңғы бағдарламасына келетін қызықты қонақтар легі толастаған емес. Сондай қонақтардың бірі – жас режиссер Серік Таласов. Жуырда Серік тағы бір кинокартинасын экранға шығармақ. «Майдангерлер» деп аталатын киноның түсірілімі кім-кімді болсын қызықтырары сөзсіз. Бағдарлама қонағынан әу дегенде білмек болғанымыз да осы еді…

– Серік, білуімізше, «Майдангерлер» көркем фильмінің соңғы эпизоттары түсіріліп жатыр. Шатаспасам, бұл – сенің 4-картинаң. Батальді жанр – ең қиын жанрлардың бірі. Бұл туындыңда қандай қиындықтар болып жатыр, кімнің тапсырысымен түсіріп жатырсың?

007

 

– Бұл фильм Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі саясат және дін істер басқармасының тапсырысы бойынша түсіріліп жатыр. Ұзақтығы – 20-30 минут. Бұйыртса, 5 мамыр күні көрсету жоспарлануда. Ажлпы, бұл фильмді түсіруде қиындықтар көп болды. Мен өзім бұған дейінгі түсірілген фильмдерім қиын болды деп ойлайтынмын. Бірақ Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған картинам олардың қасында әлдеқайда қиын болды. Өйткені Тәңірдің сынағы болды ма – бірінші күні қар жауды. Екінші күні көктем болды. Үшінші күні жаз болды деген сияқты. Бір жағынан бұның бәрі бізге өте пайдалы болды. Кинотуындыда соғыстағы жағдайды ашу үшін бізге Жаратушының бір сыйы болды десек те болады.

DSM_7634

DSM_7407

DSM_7375
– Түсірілім барысындағы фотосуреттерді қарап отырсақ, барлығының шынайылығы соншалық, тура майдан даласы сияқты. Әлде, реквизит жасаттыңдар ма?

– Біз киімдердің суреттерін интернеттен алдық. Сосын соған қарап Шымкент, Алматы тігін цехтарына жеңілдіктермен өтініш жасап, тапсырыспен тіккіздік. Қол ұшын берген жандарға рахмет! Достарым да қолғабыс жасады. Қолдаулардың көмегімен осындай туынды жасап отырмыз.

DSM_8834

DSM_8815

DSM_8767
– Фильм бюджеті қанша?

– Әзірге 7 миллион теңге жұмсалуда. Бұдан да көп кетуі мүмкін.

– Серік, бізге хабарласқан көрермен бар екен. Тыңдап алсақ. Сіз тікелей эфирдесіз, сұрағыңызды қоя беріңіз?

– Режиссер мырза, айтыңызшы, окоп қазғанда қиын болмады ма? Кинода қандай белгілі актерлар ойнады?

– Окопты қаздыру, әрине, оңай емес. Үш күн ішінде дайындау қажет болғандықтан, біз арнайы трактор жалдадық. Ішін ағашпен қаптау үшін ағашты жалға алдық. Ал актерларға келер болсақ, басым көпшілігі – Шымкенттен. Тек басты рөлдегі кейіпкерімізді, «Жаужүрек мың бала» фильмінде ойнаған Асылхан Төлеповты Алматы қаласынан шақыртып отырмыз.

DSM_8313

DSM_7906

DSM_7909
– Ал гримді кім жасады?

– Гример және костюмерді Алматыдағы «Қазақфильм» студиясынан шақырттық. Олар қаншама картинада жұмыс жасаған. Осындай кәсіби мамандардың арқасы. Ташкентпен де жұмыс жасап отырмыз. Ол жақта 3D форматта жақсы жұмыс жасайтындар бар.

– Фильмдегі жарылыстар арнайы эффектімен жаалды ма, жоқ ұйымдастырылды ма?

– Бұл – шынайы жарылыстар. Пиротехник маманы жұмыс жасады. Оқтарды да жасаттық. Бірақ, қаруда атылғандай етіп жасаттық. Пулемет, қаруларды музей және ішкі істер департаментінен алдық. Ағаларға рахмет! Ал пушка, оқтары мен жәшіктерді қолдан жасаттық. Жалпы, бірінші пландағы қарулар шын.

DSM_7381

DSM_7264

– Кинода жалпы қанша адам ойнайды?

– 50-60 адам ойнайды. Ал қалғандарын компьютермен көбейтеміз.

– Осы картинаны түсіруде таңдау неге саған түсті деп ойлайсың?

– Әркімнің өзінің стилі бар. Өзім спецэффектімен айналысқанды жақсы көремін. Компьютерге жақынмын.

DSC_3732

DSC_3706
– Қазіргі таңда туындының қанша пайызы аяқталып қалды?

– Шамамен 90 пайызы бітті. Бұйыртса, жақында аяқтаймыз.

– Ендеше, шығармашылықта шеберлігің арта берсін! Сұхбатыңа рахмет!

DSM_8096

Сұхбаттасқан – Асқар Сәтпаев