Úı Oqys oqıǵa Оңтүстікте екі бала суға кетті

Оңтүстікте екі бала суға кетті

Оңтүстікте екі бала суға ағып, мерт болды. Қайғылы оқиға жексенбі күні болған.

Алғашында Түлкібас ауданындағы Балықшы елдімекенінде, күндізгі сағат 11-лер шамасында ауыл маңынан ағатын Арыс өзеніне 11 жастағы бала батып кетеді. Оның денесін жақындары кешкі сағат 8-де судан шығарып алған.

006

Ал екінші жағдай Бадам 1 ауылында тіркелді. Мұнда 3 жасар бала Бадам өзеніне сағат 17:00 шамасында құлап кеткен. Оның денесін туыстары түнгі сағат 1-лерде шығарды.

Екі қайғылы оқиғада да балалар үлкендердің қарауынсыз жүрген. Құтқарушылардың айтуынша, өткен жылдың осы мезгілімен салыстырғанда суға кету жағдайы үш фактіге көбейген. Жалпы, биыл жыл басынан 6 адам тілсіз жаудың құрбаны болды.