Шымкент мерекелерге дайын

448

1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні. Атаулы датаға орай облыс орталығында дайындық қыза түскен. Мереке қарсаңында қала жасыл кейіпке еніп үлгерді. Көшелердің көркін ашатын гүлдер отырғызылған. Қиылыстарға құмырадағы гүлдер қойылған.

002

Көше қиылыстарына түрлі архитектуралық пішіндер де қойылған. Бұдан бөлек 9 мамыр – Жеңіс күніне де дайындық жүргізілуде. Айта өтейік, түрлі мерекелік шаралардың жоғары дәрежеде өткізу үшін қала бюджетінен 59 млн теңге бөлінген.

1 мамыр күні сағат 11:00-де «Достық мекені» театрландырылған хореографиялық қойылым болады. Оны «Нұрсәттегі» әкімшілік-іскерлік орталықтың алдындағы алаңынан тамашалай аласыздар.

Сондай-ақ, түскі сағат 15:00-ге дейін облыстық этномәдени орталықтар мен қаланың шығармашыл ұжымдарының мерекелік концерті өтеді. Ал Абай, Жеңіс, Орталық саябақтары, Шымкент зообағында мерекелік концерт ұйымдастырылып отыр.

Бүгін бас мүфти, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы қазақстандыќтарды 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлік күнімен құттықтады. Дін өкілі халықтың болашағы – бірлікте екенін атап өтті. Баршаны бірлік пен ынтымағымызды арттырып, барлық бастамамызға игілік нәсіп етуге шақырды.

Нұрлан Жаңабай