Úı Oqys oqıǵa Кезекті бас дәрігер парамен ұсталды

Кезекті бас дәрігер парамен ұсталды

Шымкентте бас дәрігер пара аламын деп ұсталып қалды. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшылығы БАҚ өкілдерін жинап, баспасөз мәжілісін өткізді.

Жиын барысында Шымкент қаласындағы №2 емханасының бас дәрігерінің пара алу кезінде ұсталғаны туралы ресми мәлімет айтылды. Мамандардың айтуынша, дәрігердің бұл әрекеті жүйелі түрде жүзеге асып келген екен.