Оңтүстік өнімдерінің керуені Алматыға аттанды

219

Оңтүстік Қазақстан облысы шаруаларының өнімдері тиелген көлік керуені Алматыға жол тартты. Ет өнімдері, көкөніс пен жеміс жидек алдағы сенбі күні Алматыда өтетін ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде саудаланады.

004

Алматыға арнайы жиналған ауыл шаруашылығы өнімдерінің ішінде төлебилік диқандардың да өнімдері бар. Мұндағы шаруа қожалықтарының өкілдері Оңтүстік астаналық тұрғындарға тарту жасау дәстүрге айналған дейді.

Түркістандық кәсіпкер Жұмакүл Маханова Алматыда өтетін ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне алғышқы рет қатысуда. Алайда өнімдерім үшін ұялмаймын дейді іскер азаматша.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=ulx0geoup6w[/youtube]

Бұл шараны ұйымдастырушы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы мамандары. Олардың мәлімдеуінше, сенбі күні өтетін Алматыдағы жәрмеңкеде оңтүстікқазақстандық шаруалар дайындаған 202 тонна өнім сатылады.

Былтыр осындай жәрмеңкелер Алматы қаласында екі рет, Астана, Ақтау қалаларында бір-бір реттен ұйымдастырылған болатын. Онда 668 тонна өнімге дейін саудаланған.

Шынар Оразова