Шымкент әкімінің тағайындалғанына екі жыл толды

532

Шымкент шаһарының басшысы Сатыбалды Дархан Амангелдіұлының қала әкімі қызметіне тағайындалғанына бүгін екі жыл толды. Осы уақыт аралығында облыс орталығын көркейтуде әкімнің сіңірген еңбегі орасан дейді көпшілік.

Елдегі үшінші қаланың бас жоспарын бекітіп, төртінші аудан құру кезеңі де дәл осы Дархан Амангелдіұлының тұсында жүзеге асты. Тың жобалар жүзеге асып жатқанда халықпен тығыз жұмыс жасай білді. Бұл – қарапайым халықтың пікірі.

Осы уақыт аралығында көптен бері айтылып жүрген қаланың бас жоспары бекітіліп, аумағы 117 мың гектарға ұлғайды. Шаһарға халқының саны 125 мыңға артты. Қала бюджеті бірнеше есеге ұлғайып, бүгінде 83 млрд теңгеге жетті. Төртінші аудан – Қаратау құрылды. Қалалық мәслихаттың депутаттық корпусымен де қарым-қатынас жақсы. Сондықтан болар, халық қалалылары әкімнің жұмысы жақсы дейді.

Шымкент қаласы еліміздегі үшінші қала қатарына қосылуды мақсат еткен. Ол үшін қыруар жұмыс атқарылуда. Дархан Амангелдіұлы басшылық еткен екі жыл ішінде Елбасы қалаға бес рет сапар жасапты. Әр келгенінде шаһар басшысының атқарған жұмысын оң бағалайды. Елін сүйген Елбасының бұл бағвсын халық қоштайды. Сондықтан болар, биыл халық алдынғы есебінен жоғары баға алған.

Дархан Амангелдіұлы өзін білімді және қарапайым басшы ретінде таныта білді. Жастармен тығыз қатынаста жұмыс жасап, ойын ашық білдіретін адал әкім дейді көпшілік.

[youtube]https://youtu.be/EgKubamPvNY[/youtube]

Нұрлан Жаңабай