Үздік волейболшылар марапатталды

522

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары С.Қаныбеков жергілікті «Қазығұрт» клубының мүшелерін қабылдап, марапаттады. Бұл волейбол командасы Қазақстанның IV зазғы спартакиадасында барлық қарсыластарынан айқын басым түсті.

Бұған қоса клуб спортшылары Қазақстан чемпионатының жоғары лигасында бес дүркін жеңімпаз атанып отыр. Соңғы спартакиада бас жүлдеге ие болған волейболшыларға облыс басшылығы сый-құрмет көрсетті.

009

Қазіргі таңда аталған клуб қарамағындағы баскетбол, волейбол, гандбол, футбол командаларының 21 спортшысы ұлттық құраманың мүшесі болып табылады. 2003 жылы облыс әкімінің қаулысымен құрылған клуб спортшылары Қазақстан чемпионаттары мен кубоктық жарыстарда және халықаралық турнирлерде жоғары жетістіктерге қол жеткізді.

010

Клуб ұжымы спорттық ойын түрлері бойынша жергілікті спортшылардан командалар жасақтап, ұлттық құрамаларға шебер ойыншылар дайындау бағытында жұмыстар жүргізуде. Волейбол командасының осы жылдары жоғары жетістіктерге жетуіне облыстық ішкі істер департаменті де мол үлес қосып келеді. Қазіргі таңда команда құрамында өнер көрсететін он ойыншы облыстық ішкі істер департаментінде қызмет атқарады.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі